Семей студенттеріне Жапония стипендия беретін болды

1280

Жапониялық университет 1996 жылдан бері үздік студенттерге стипендия тағайындап келеді.

Семей студенттеріне Жапония стипендия беретін болды

Семей қаласы Мемлекеттік медицина университетінің студенттері Әйгерім Қасымханова мен Мәрия Бекболатова Нагасаки университетінің стипендиясын иеленді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жапониялық университет 1996 жылдан бері үздік студенттерге осындай стипендия тағайындап келеді. Мұнда студенттің академиялық үлгерімі мен жеке басының жетістіктері есептеледі.

Биыл Нагасаки университетінің шәкіртақысы Мемлекеттік медицина университетінің студенттері Әйгерім Қасымханова ("қоғамдық денсаулықта сақтау" факультетінің 5 курс студенті) мен Мәрия Бекболатоваға ("жалпы медицина" факультетінің 4 курс студенті) бұйырды. Жеңімпаздар бұл өздері үшін зор мәртебе екендігін атап өтті.

Жапониядан Нобору Такамура мен Макико Орита бастап келген делегация мүшелері қос студенттің болашағынан зор үміт күтетіндігін атап өтті. Бұл бағдарламаның жүлдесін ұтқан студенттердің арқасында оқу орындардың ғана емес, ел мен елдің арасындағы ынтымақтастық арта түскенін тілге тиек етті олар.

Профессор Набору Такамура Жапонияда болған атом бомбасы туралы дәріс оқыды. Апатты жағдайда медицина қызметкерлерінің атқарған қызметі аса жауапты болғандығын мысалдармен келтіре сөйледі ол. Семей мен Нагасаки қаласы бұл жағынан тағдырлас екендігі де сөз болды кездесуде. Қатысушылар құрметті мейманның дәрісінен мол тәлім алып қайтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу