Семей тұрғыны 90 жастан асқан әжесін ұрып-соққан күтушіні полицияға ұстап берді

Әйел күмәнді жайтты байқағаннан соң үйіне жасырын бейнекамера орнатуға мәжбүр болған.   

Семей тұрғыны 90 жастан асқан әжесін ұрып-соққан күтушіні полицияға ұстап берді Фото: бейнежазбадан

Сол арқылы күтушінің 91 жастағы кейуананы тұрақты түрде ұрып-соғатынын анықтап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға Семей қаласында тіркелген. Әлеуметтік желідегі мәліметте әйелдің 91 жастағы әжесіне күтуші жалдағаны айтылады. Күтушінің іс-әрекетінен күдіктенген ол үйіне жасырын бейнекамера орнатқан.

Кейуананың туған-туыстары "күтуші әйел тек ғана қорлау фактісімен жауапқа тартылмасын" деп ашынады. 

– Абай облысының Полиция департаменті қарт әйелге дұрыс қарамау (қатыгездік таныту) туралы жарияланым фактісі бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлайды. Тексеру барысында қарт әйелді күтіп-баққан азаматша анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Істің мән-жайын анықтау нәтижелері бойынша оның әрекеттерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген балағаттау (қорлау), яғни басқа тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері байқалады, – деп хабар таратты облыстық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу