Жыл басынан бері облыс орталығында осындай 18 дерек тіркелді.
Ақпаратқа сәйкес, Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны AnyDesk қосымшасын орнатып, есепшотындағы 5,8 млн теңгесінен айырылды. Оқиға 27 желтоқсан күні болған.
"Өздерін банк қызметкерлері деп таныстырған алаяқтар жәбірленушіге хабарласқан. Оның сеніміне ие болу үшін зардап шегушінің атын, әкесінің атын, туған күнін және басқа да жеке мәліметтерін айтқан. Белгісіз біреулер оған банк карталарын екі факторлы қорғауды қамтамасыз ететін қосымшаны орнатуға көндіреді. Жәбірленуші нұсқауларды орындап, алаяқтарға телефонға келген бір реттік кодты айтқан. Осы сәттен бастап шабуылдаушылар бейхабар адамның телефонына қол жеткізді", - делінген хабарламада.