Семей тұрғыны Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымға шығарған

305

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Семей тұрғыны Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымға шығарған Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу