Семей тұрғынының интимді фотосын таратамын деп 1 млн теңге сұраған адам ұсталды

430

Ол 4 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Семей тұрғынының интимді фотосын таратамын деп 1 млн теңге сұраған адам ұсталды

Семей қаласы тұрғынының интимді фотосын таратамын деп 1 млн теңге сұраған адам ұсталды.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әйел адамнан ақша бопсалаған Семей қаласының тұрғынын ұстады.

"Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген. Тергеу барысында одан 150 000 теңге тәркіленді", - дейді басқарма басшысының орынбасары Әсет Шахантаев.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу