Заңсыз табыс тапқан "Семей водоканал" мекемесіне 13,8 млн мөлшерінде айыппұл салынды

66

Мұндай шешім Абай облысының прокуратурасының тексерісінен соң қабылданды.    

Заңсыз табыс тапқан "Семей водоканал" мекемесіне 13,8 млн мөлшерінде айыппұл салынды Фото: gov.kz

Себебі, коммуналдық мекеме 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның бірқатар іс-шараларын орындамай, жоғары тарифтер бойынша табыс алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде тұтынушылар салқын сумен жабдықтау қызметтері үшін 375,1 млн теңге, ал кәріз қызметтері үшін 103,7 млн теңге көлемінде артық төлем жасаған.

Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының тұрғындары үшін артық төленген қаражатты қайтару 2026 жылы уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Салқын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің құны 12%-ға дейін төмендетілді.

110 мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды, оның ішінде 106 мың жеке тұлға, 3,3 мың заңды тұлға және 14 инвестор бар.

Облыстық прокуратура барлық мекемеге ескерту жасады. Енді азаматтардың құқықтарының сақталу мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу