Семей ядролық аймағы қалыпқа келтіріліп, жері пайдалануға беріледі

381

Сенат осыған қатысты заң жобасын екі оқылымнан кейін мақұлдады.

Семей ядролық аймағы қалыпқа келтіріліп, жері пайдалануға беріледі Фото: Ашық дереккөзден

Қауіпсіз аумақты құру үшін Үкімет 2027 жылға дейін республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қаржы бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, полигон аумағы 18 300 шаршы метр болса, соның 9 400-і радиоактивті деп танылған. Қалғаны – таза жерлер. Оның ішінде 800 шаршы метрі Қарағанды облысына тиесілі. Алайда полигон құрбаны болған суретші - Кәріпбек Күйіков бұл шешімге қарсы. Сөзінше, ядролық аймақ әлі толыққанды тексеруден өтпеген.

"Ауыл шаруашылығына беруге болмайды. Себебі, ол жерлер толық қалдықтан тазарған жоқ. Менің естуімше, ол жерлерде әлі күнге дейін қалдықтар жатыр. Жер қысы-жазы қызып тұрады. Бақташылар тамақтарын жылытып отырады екен. Неге? Яғни, жер астында әлі қауіпті дүние бар. Оны зерделеп, анықтау қажет. Қарапайым тұрғындарға зардабы тиіп кетпесе болды", - деді Семей полигонының құрбаны Кәріпбек Күйіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу