Семей ядролық полигонында 13 жыл бойы жүргізілген зерттеу аяқталды

1151

Семей ядролық полигонында 13 жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмыстары аяқталды. Енді материалдар экологиялық сараптамаға жіберіледі, деп хабарлайды Atameken Business.    

Семей ядролық полигонында 13 жыл бойы жүргізілген зерттеу аяқталды

2024 жылдан бастап шамамен 100 мың текше метр радиоактивті топырақты алып тастау жұмыстары жүргізіледі.

Бұған қоса арнайы салынған қоймаға қалдықтар ұзақ мерзімге көмуге тасталады.

Еске салайық, 40 жыл бойы Қазақстанда әлемдегі ең ірі полигон жұмыс істеді. Онда 500-ге жуық ядролық сынақ жүргізілді. 91-ші жылы Елбасының шешімімен сынақ алаңы жабылған. Бірақ соған қарамастан, қауіпті аймаққа халық кедергісіз кіріп-шығып жүр. Бұрынғы полигон аумағында 139 қыстақ пен жазғы үй анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу