"Семейавиа" 51,1 миллион теңге көлеміндегі қарызынан құтылды

852

2014 жылдың сәуірінде кәсіпорын банкрот деп жарияланған болатын.

"Семейавиа" 51,1 миллион теңге көлеміндегі қарызынан құтылды

"Семейавиа" АҚ 121 жұмысшының алдындағы 51,1 млн теңге көлеміндегі еңбекақы бойынша берешегін өтеді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Компанияның жұмысшылар алдындағы қарызы қаржылық мәселерге байланысты 2011-2012 жылдар арасында қордаланған еді. "Семейавианың" стратегиялық объект болуы қарызды өтеу мүмкіндігін қиындатқан.

2014 жылдың сәуірінде Семей көлік прокуратурасының талабы бойынша Семей қаласының сотымен кәсіпорын банкрот деп жарияланып, банкроттық туралы тиісті рәсімдер басталды.

"2018 жылдың қыркүйегінде АҚ банкроттық басқарушымен тиісті шартқа қол қойғаннан және әуежайдың мүліктік кешенін сатқаннан кейін жұмысшылардың алдындағы берешегі толығымен өтелді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу