Семейде "Газель" автокөлігінің жаңа түрі шығарылды

995

Семейде "Газель" автокөлігінің жаңа түрі шығарылды

16 орындық шағын автобус қалааралық бағыттарға арналған. Алғашқы көліктер Алматы қаласының тапсырысы бойынша құрастырылды, деп жазады 24Хабар.

Жаңа көліктің ерекшелігі - бензинмен де, газбен де жүре береді. Яғни экологиялық жағынан таза. Қуаныш Мейрамғазы 2014 жылы Семей көлік колледжін тәмәмдап, осы зауытқа жұмысқа тұрыпты. Содан бері жүздеген техника құрастыруға қатысқанын мақтан етеді. Ал таяуда ресейлік ірі автоөндіруші компания өкілдері семейлік жас мамандарды арнайы тағылымдамадан өткізіпті. Енді Қуаныш Газель көлігінің жаңа түрін шығаруға ат салысып жатыр.

Шанағы тұтас металлдан құйылған жаңа көлік әрі сапалы, әрі жайлы. Сапарға шыққан жолаушылардың шаршамауы үшін барынша жағдай қарастырылған.

Биыл 10 жылдығын атап өткелі отырған кәсіпорында 400-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді. Мұнда автобустардан бөлек трактор, жүк көліктері де құрастырылады. Жыл соңына дейін жаңа Газельдің 500-ін шығару жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу