Семей қаласының прокуратурасы жол инфрақұрылымын ағымдағы жөндеуге арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру кезінде құны 1,8 млрд теңге болатын жұмыстарды орындау мерзімі екі жылға жоспарланғаны белгілі болған. Алайда аталған мақсаттарға қаржы тек бір жылдық бюджет аясында қарастырылған.
Бұл жағдай бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану қаупін туындатқан. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылды.
Соның арқасында 1,2 млрд теңгеден астам мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Прокуратура мемлекеттік қаржының заңды әрі тиімді жұмсалуын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.