Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бір жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Өңірде жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына байланысты 10 оқиға тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
"Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар. Терезенің алдына жиһаз қоймаңыздар, ал маса торын қорғаныс құралы ретінде қабылдамаңыздар. Ол баланың салмағын көтермейді. Осындай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді", – деп ескертті департаменттен.