Жергілікті ономастикалық комиссия қандай көшелер өзгеретінін қарастырып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады. Семейде әбден ескірген атаулар толып жатыр.
Мысалы Кренстьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар.
Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуәрбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.
"Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, осы Құнанбай Өскенбайұлына көше атын беру жоспарланып отыр. Сол мәселе қаралатын болады. Қалада 1 200-ге жуық көше бар. Соның едәуірі тарихи тұрғыдан ескірген көшелер. Олар кезең-кезеңімен өзгертіледі", - дейді Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Әсел Әбілқасымова.