"Аңдып жүрген": Семейде 13 жасар қыздың соңына түскен ер адам полицейге пышақ салды

1418

Полицияға хабарласқан қыз өзін белгісіз адамның аңдып жүргенін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аңдып жүрген": Семейде 13 жасар қыздың соңына түскен ер адам полицейге пышақ салды Фото: Polisia.kz

Жеткіншек дүкенге кіріп кеткенін, сыртқа шығуға қорқып тұрғанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары дереу сол маңға жетіп, дүкеннің жанында тұрған күдіктіні байқап, мән-жайды анықтауға тырысқан.

Сол сәтте жігіт қолына пышағын алып, тәртіп сақшыларына бас салған.

Нәтижесінде, полиция оны қолға түсірді.

Үш жерінен жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді.

Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі таңда күдікті уақытша қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу