Семейде 13 жастағы жасөспірім дүкен қызметкерін пышақтады

941

Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, ізін суытқан.

Семейде 13 жастағы жасөспірім дүкен қызметкерін пышақтады

Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге кіріп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, ізін суытқан.

Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу