Семейде 16 аула мен 6 үйге су кірді

473

6 ақпанда Семей қаласындағы көшелердің бірінде Д-1000 мм құбыр кәріз дюкері бітеліп қалды. 

Семейде 16 аула мен 6 үйге су кірді Фото: ҚР ТЖМ

Апат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады, сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген ағынды суды сорып  шығару жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кәріз суы деңгейінің көтерілуі жалғаса бергендіктен, қосымша күштер мен құралдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Жедел штаб ұйымдастырылып, Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына аттанды.

7 ақпандағы жағдай бойынша, оқиға орнында топырақ себу, сондай-ақ кәріз қалдықтарын сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

16 аула мен 6 үйге су кірді.

ТЖМ 68303 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің күшімен судың үйлерге қайта кіруіне жол бермеу мақсатында инертті материалдар салынған 600 данадан астам қап төселді. Қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда.

Апатты жоюға әкімдіктен, ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен 115 адам және 46 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу