Семейде "өрмекші адам" жылу желілерінің құбырына өрмелеу кезінде видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Сол уақытта оқиға орнында учаскелік полиция инспекторы болған.
Ол суперқаһарманның қауіпсіздігіне алаңдап, құрылымнан түсуін сұрады.
Полиция қызметкері Дастан Жақпанов Өрмекші адамның небәрі 16 жаста екенін білген соң оны үйіне апарды.
Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу