Семейде 2 мыңдай ата-ана прокуратураға жүгінді

1239

Олар 4 балабақшаны жеке тұлғаларға сенімді басқаруға беруге келіспеген.

Семейде 2 мыңдай ата-ана прокуратураға жүгінді

Семей қаласында 4 балабақшаны жеке тұлғаларға сенімді басқаруға беру туралы шығарылған шешім ата-аналардың наразылығын тудырды. Екі мыңдай ата-ана ұжымдық арызбен ШҚО прокуратурасына жүгінді, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау органының қызметкерлері Семей қаласы әкімдігінің іс-әрекетінің заңдылығын тексеріп, бірқатар бұзушылықты анықтаған. Аталмыш балабақшалар табысты жұмыс істегені, әкімдіктің оларды сенімді басқаруға беру үшін дәлелді негіздері болмағаны белгілі болған.

"Балабақшаларды тапсыру туралы келісімшарттар экономикалық негіздемесіз, инвестиция көлемі мен мерзімдерінсіз жасалып, "Мемлекеттік жеке меншік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнының талаптары бұзылған",– делінген хабарламада. 

Жасалған шарттарда салымдардың сипатының техникалық нақтылауы көрсетілмеген, сенімді басқарушылардың бақылау тәсілі болмаған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін берген кезде білім беру және еңбек заңнамаларының талаптары бұзылған.

Тексеру нәтижелері бойынша облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, қала комиссиясының шешімі бұзылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу