Бизнесмендердің өтініштерін зерделеу барысында "Теплокоммунэнерго" МКК-нің 2 жыл бойы құрылыс объектілерін қаланы жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны анықталды. Бас тартуға қалалық жылу желісі өткізу қабілетінің болмауы себеп болған.
Материалдарды тексеру нәтижесінде "Теплокоммунэнерго" МКК-нің кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді. Екі күннен кейін "Теплокоммунэнерго" МКК дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар берді.