Семейде 22 миллионға салынған дәретхананың сапасы сын көтермей тұр

208

Жергілікті тұрғындар қоғамдық дәретхананың құрылысы бітсе де не себепті қолданысқа берілмегенін түсінбей дал. 

Семейде 22 миллионға салынған дәретхананың сапасы сын көтермей тұр Фото: видео скриншот

Абай облысында тас жолдың бойында қомақты қаражатқа былтырдан бері салынып жатқан қоғамдық әжетхана әлі қолданысқа берілмесе де бұзылғалы тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 22 миллион теңгеге салынған нысанда жұмысшылар жүр, бірақ дәретхананың өзі жұмыс істемейді.

Мұндағылар дәретхананың ішінде жасалған жағдайға қарап оның бағасын қаладағы жайлы пәтердің құнымен теңестірді.

“Туристер мен тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін екі модульдік қондырғы орнаттық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалды. Антивандалды дәретханалар мен раковиналар, бейнебақылау камералары, кондиционер орнатып, сумен, жылумен қамтамасыз етілді. Бірақ мұның бәрі іске қосылған жоқ”, – дейді шенділер.

Абай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Нұрланқызының айтуынша, модульдік нысан қосымша дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Дәретханалар іске қосылғанға дейін нысанды мердігер күзетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу