Семейде 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

280

Қазіргі уақытта тағы 1 759 кәсіпкердің құжаттар реттеліп жатыр.  

Семейде 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды Фото: dknews.kz

Семей қаласының прокуратурасы "Семей Водоканал" МКК қызметінде 3 400 кәсіпкер мен 16 инвестордың құқығына әсер ететін заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорынның үлгілік шарттарында су есептеуіш құралдарын 10 күн ішінде пломбалау туралы заңда белгіленген талап болмаған. Бұл қызмет көрсету мерзімінің негізсіз созылуына әкелуі мүмкін еді.

Прокуратура араласқаннан кейін 1 641 кәсіпкермен және 16 инвестормен жасалған шарттар заң талаптарына сәйкестендірілді. Қазір тағы 1 759 кәсіпкердің құқығын қорғау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу