2019 жылдың 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Семей полиция басқармасына 430 қылмыс пен түрлі оқиғалар тіркелген, оның 63-і аса ауыр қылмыс түріне жатады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
"Оның ішінде бөтеннің мүлкін тонауға қатысты 18 факт болса, 12-сі бұзақылық, 5-і алаяқтық, 1 тонау, 6-уы денсаулыққа зиян келтіруга қатысты тіркелген", – деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.
Полиция қызметкерлері қылмыстың 60 пайызын ізін суытпай ашты.
Осы мереке күндері 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Жол көлік апатынан жарақат алып, қазаға ұшырағандар жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу