Семейде 4 мың теңге пара алған шенеунік 2,9 млн теңге айыппұл арқалады

1411

Семей қаласында 5 адамнан пара алған ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семейде 4 мың теңге пара алған шенеунік 2,9 млн теңге айыппұл арқалады Фото: inbusiness.kz

– Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндет атқарушы құжаттарды жеделдетіп ресімдегені, жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге, көліктің сәнді нөмірін алуға жәрдемдескені үшін бес адамнан 4 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейінгі аралықта пара алған. Айыпталушылар өз кінәсін толықтай мойындады. Олардың кінәсі жасырын тергеу әрекеттерімен, банктік шот үзінді көшірмесімен және құжаттарды қарау хаттамаларымен дәлелденді, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Пара алған мемлекеттік қызметкер ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 2,9 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал пара берушілер 60 мыңнан 375 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу