Семейде 4 жолақты жаңа көпір құрылысы 2025 жылға дейін аяқталады деп күтілуде

Оның құрылысы өткен жылдың қазан айында басталған. 

Семейде 4 жолақты жаңа көпір құрылысы 2025 жылға дейін аяқталады деп күтілуде Фото: gov.kz

Қаладағы аспалы көпір де жөнделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Аспалы көпірді 2001 жылы жапондық IHI Corporation компаниясы салып, пайдалануға берген.

"Өткен жылы жапон мамандары келіп, тексеріп шықты. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң конкурс жарияланып, құрылымды жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Асфальтты да ауыстырамыз, себебі аспалы көпірдің асфальты вибрация әсерінен ұзаққа шыдамайды. Бізде ондай технологиялар жоқ. Сондықтан жапон мамандары келіп жасайды", - деді облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Құны 30 млрд теңгеден асатын төрт жолақты көпір құрылысының жобасы бір жылда аяқталады деп жоспарлануда.

Оның жалпы ұзындығы 1350 метрді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу