Семейде 69 жастағы әйелді көлік қағып кетті

207

Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.

Семейде 69 жастағы әйелді көлік қағып кетті Фото: ЖИ

Семейде 69 жастағы әйелді көлік қағып кетіп, қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен.

"Ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Абай облысы Полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, маневр жасау барысында ерекше сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде де, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу