Семейде 79 айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

2266

Айыппұлдың сомасы 1,4 миллион теңгеден асады.

Семейде 79 айыппұлы бар жүргізуші ұсталды Фото: Inbusiness.kz

Семейде полицейлер нөмірсіз қалада келе жатқан көлікті тоқтатты. Көлік иесінде миллион теңгеден астам айыппұл жинақталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру тобының нұсқауы негізінде Семей қаласының патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ Daewoo Nexia көлігін тоқтатқан. 27 жастағы жүргізуші әкімшілік айыппұлдарын төлемеген болып шықты.

"Жүргізушіде әртүрлі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төленбеген 79 айыппұл бар, оның сомасы 1,4 миллион теңгеден асты", - деп хабарлады ведомстводан.

Көлік мамандандырылған тұраққа қойылып, жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу