Семейде 8 адам өрттен құтқарылды

497

30 адам эвакуацияланды. 

Семейде 8 адам өрттен құтқарылды Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

15 мамыр күні "101" пультіне өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына 1 БИС шақыру дәрежесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді.

Шақыру орнына келгеннен кейін көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балкон ашық жалынмен жанып жатты. Кіреберісте қатты түтін болған.

Барлау нәтижесінде алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар, терезе мен есік блоктары, сондай-ақ балконның ағаш конструкциялары жанғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен жоғарғы қабаттардан сегіз адам, оның ішінде үш баланы құтқарды.

Өрттің алдын ала ауданы 18 шаршы метрді құрады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу