Семейде 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті

242

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Семейде 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті Фото: dp_abai

Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған бала іздестіріліп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысы полиция департаменті жоғалғанына біраз уақыт болған баланы табуға ат салысуды сұрайды.

Жоғалған баланың аты-жөні Маненов Әлинұр Ерланұлы, туған жылы: 2015 жылдың 26 шілде.

Полицияның мәліметінше, Әлинұр 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шығып, содан кері оралмаған.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.

Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу