Семейде алаяқ 1 миллион теңгеге жалған жанармай талондарын сатқан

507

Тұрғындарға қолдан жасалған талонды сатқан жігіт “Hi Tech” жедел алдын алу шарасы кезінде қолға түскен. 

Семейде алаяқ 1 миллион теңгеге жалған жанармай талондарын сатқан Фото: inbusiness.kz

Ол өзін қалдағы зауыттардың бірінде жұмыс істеймін деп таныстырып, дизель отыны 260 теңгеден деп көрсетілген қағаздарды саудалаған. Алаяқтың арбауына аз уақыт ішінде 6 бірдей адам түскен.

Кейінен олар алған талондарын ешқандай жанармай құю станциялары қабылдамай қойғанда алданғандарын бірақ білген.

31 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК нің 190 бабы бойынша  "Алаяқтық" деген айып тағылып сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Абай облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу