Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары екі жылда бір бас қосып, ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайды. Биыл олар Алматыда жиылды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Сонымен, ғалымдардың зертеуі нәтижесінде, Семейде дереу көзін жоймаса болмайтын 50 мың текше метр радиациялық қалдық бар екендігі анықталып отыр.
"Бүгінде ядролық аймақтардың 62%-ы тексеруден өткен. Сөйтсе де топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, 50 мың куб радиациялық қалдық бар екен", – деді энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қарагөзов.