Кадрлардан келушілердің арыстанға тас лақтырғаны байқалады. Орталық мамандары мұндай жағдайлардың соңғы уақытта жиілеп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді.
Оқиғаға байланысты Абай облысының Полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделеніп жатыр.
– Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Ықтимал куәгерлер анықталып, олардан жауап алынуда. Қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
Полиция өкілдері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және жануарларға жауапкершілікпен әрі адамгершілікпен қарауға шақырды.