Тәртіп сақшыларының айтуынша, құқық бұзушылықтың көбі саяжайларда тіркеледі. Сондықтан патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы көлік жүре алмайтын аумақтарды, жағалаулар мен саябақтарды бақыламақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Кавалерия бөлімшесін қажетті құралдармен және арнайы әбзелдермен қала әкімдігі қамтамасыз еткен.
"Қала әкімшілігі полиция имиджін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгін "Сергек патруль" аталатын жүйе орнатылған көліктерге қол жеткіздік. Патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы барлық талапқа сай келетін құралдармен қамтамасыз етілді. Айрықша белгілері бар киім мен ат әбзелдері берілді", - дейді Семей қалалық ІІБ бастығы Қайрат Әбдіғалиев.