Семейде әуежай маңынан мырыш табыт табылды

948

Аталған жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді.  

Семейде әуежай маңынан мырыш табыт табылды Фото: instagram/oo_osa_semey__vko

Әлеуметтік желілерде Семей қаласы әуежайының маңында ашық-шашық қалған табыт жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Желі қолданушыларының бірі түсірген бейнежазбадан әлдекім қалдырып кеткен табыт пен оның шашылып жатқан сынықтарын анық көрінеді.

"Аэропорт маңында мырыш табыт жатыр. Әлде құлап кеткені, әлде сыртқа лақтырып жібергені белгісіз. Табыт жанында әлдебір сүйектер шашылып жатқан сияқты. Мұндай затты бұлайша ашық-шашық қалдырып кеткені қалай деген сұрақ туындайды. Жақында ғана осындай табытпен ағамды жеткізген еді, денем тііркеніп кетті", - деп жазады видео авторы.

Аталған жайтқа қатысты Абай облысы ПД пікір білдіріп, табыттың расымен де табылғанын мәлімдеді. 

"Табыттың ішінде адам қалдықтары болмаған. Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалған. Осы факт бойынша 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады", - делінген Абай облыстық ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу