Семейде ауыз суды пайдалануға бір күнге тыйым салынды

509

Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Семейде ауыз суды пайдалануға бір күнге тыйым салынды Фото: google.com

"Семей Водоканал" МКК-ны қаланың сумен жабдықтау жүйелерімен су желілерін бір мезгілдік дезинфекциялауға байланысты 2023 жылдың 21 маусымында сағат 20.00-ден 22 маусымның 06.00 сағатына дейін қаланың оң және сол жағалауларында ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын ескертеді", делінген хабарламада.

Көрсетілген мерзім ішінде құбырларда су болған жағдайда да суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Сол себепті әкімдік қала тұрғындарынан, кәсіпорындар мен мекеме басшыларынан өрт сөндіру мен қалыпты жұмыс атқаруға жеткілікті жағдай жасап, тәулікке жететіндей су қорын дайындап алуды өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу