Семейде автобустар электрондық билет жүйесіне ауысады

1504

Әзірше валидаторлар сынақ түрінде енгізілмек. Оның пилоттық жобасы күзде іске қосылады.

Семейде автобустар электрондық билет жүйесіне ауысады

Болжам бойынша электрондық билеттер қалалық екі қоғамдық көлікте орнатылады. Жолаушылар жол ақысын арнайы картамен төлейді. Аталған бастама табыс көзін көлеңкелі айналымнан шығаруға және автобустағы нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір мамандар инвесторлар іздестіріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

"Сайып келгенде, қазір жүйені сынақтан өткізіп жатқан компаниямен келісімге отырамыз. Мақсатымыз – оны енгізу барысында мемлекет шығынына жол бермеу. Жеке инвестор өз қаражатын құйып, оны билет үшін төленетін ақшадан қайтарады. Өз кезегінде, жол ақысы қымбаттамайды",– дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу