Семейде аялдамада жеңіл автокөлік өртенді

138

Көп ұзамай оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп, өртті сөндірді.

Семейде аялдамада жеңіл автокөлік өртенді Фото: Абай облысының полиция департаменті

Семейдегі Шәкәрім даңғылы бойындағы аялдамада жеңіл автокөлік отқа оранды. Абыорой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Семей қаласындағы Шәкәрім даңғылы бойындағы "Агенттік" аялдамасы маңында ВАЗ-21043 маркалы жеңіл автокөлік өртенді", – дейді Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полицияның екі экипажы жетті. Полиция қызметкерлері дереу аумақты қоршап, азаматтарды қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Өрт шыққан сәтте аялдамада жолаушылары бар рейстік автобус тұрған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында тұрғындар арасында үрей туындамай, қауіпсіздік сақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу