Семейде балағат сөз айтқан стендап-блогер қамауға алынды

60

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғам наразылығын тудырды.

Семейде балағат сөз айтқан стендап-блогер қамауға алынды Фото: Абай облысы ПД

Абай облыстық ПД мәліметінше, Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Блогердің көрермендер алдында ашық түрде балағат сөздер қолданған жазбасы құқық қорғау органдары мен жергілікті тұрғындардың назарын аударды. Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары осындай әрекетті сынға алып, қоғамдық іс-шараларда моральдық нормаларды сақтау және аудиторияға құрмет көрсету керектігін атап өтті.

Полицейлер видеоматериалдарды зерттегеннен кейін, қоғамдағы тәртіпті бұзғаны үшін блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу