Семейде баланы қаңғыған иттерден әрең арашалап алды

930

Бала күйзеліске ұшырап, тоқтаусыз жылауда. 

Семейде баланы қаңғыған иттерден әрең арашалап алды Фото: astanatv.kz

Оқиға 21 сәуір болған. Баланың ата-анасының айтуы бойынша, олар бір топ қаңғыған иттерге кезіккен, иттер бірден қызға тап берген, деп жазады inbusiness.kz abainews.kz-ке сілтеме жасап.

Біз отбасымызбен Бөгенбай көшесіндегі дүкеннен қайтып келе жатқанда, бір топ қаңғыған иттерге тап болдық, соның ішіндегі бір ит менің баламды тістеп тастады. Алдымен қолына, содан соң бетіне жармасты. Абырой болғанда, жанында біз болып, қалың күртесі сақтады. Иттер қатты қабаған әрі ашулы болды. Мен, ұлым және анам әрең дегенде иттерді қызымнан арашалап алдық, дейді ата-ана.

Қыз бала қатты күйзеліске ұшырап, қазір тоқтаусыз жылап жүргенін жеткізді зардап шеккен баланың әкесі.

Жалғыз болғанда, не боларын елестеткім де келмейді. Қанша укол алдық, әлі қаншасын аламыз. Біздің татар өлкесі үшін бұл үлкен мәселе. Балалар иттерден қорқып, мектепке, жаттығуға баруға қорқады. Иттерді аулаумен айналысатын қызмет бұл іске бас қатырып отырған жоқ. Полиция бұл жағдайда ештеңе істей алмайды. Не істейміз? Ауруханада қызымның ит тістеген жерін тікті, жарақаты терең, көп қан кетті. Қазір тағы антибиотиктерді қабылдап жатырмыз", - дейді ит жаралаған қыздың әкесі.

Мемлекет басшысына "барлық өңірлерден қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар үнемі келіп түсетінін, онымен құзырлы органдардың ешқайсысы тиісті заңға сүйене отырып айналыспайтынын атап өтті.

"Бірақ осы жолмен жүру арқылы біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін. Иә, біз жануарларға қамқорлық жасауымыз керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты агрессиясына жол бермеу керек".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу