Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

234

Үй 1984 жылы салынған.   

Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 мамыр күні сағат 17:45 шамасында Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне көпқабатты тұрғын үйдің төбесі салбырап, құлау қаупі бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалпы 160 шаршы метр шатырдың 70 шаршы метрі шығып кеткенін айтты.

1984 жылы салынған үй Глинка көшесі, 35-үйде орналасқан.

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдіктің бөлім басшылары мен Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен көшпелі кеңес өткізді.

Оқиға орнында өткен жиынның қорытындысы бойынша әкім адам өміріне қауіп төндіретін шатыр бөліктерін демонтаждап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу