Семейде Би-2 тобының концерті өтпейтін болды

848

Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Семейде Би-2 тобының концерті өтпейтін болды Фото: Риа Новости

Концерттің өтпеуіне өңір тұрғындарының өтініші себеп болған.

"Құрметті отандастар! Табиғи өрт кезінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты, сондай-ақ облыс жұртшылығының өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" МКҚК жоспарланған "Би-2" ресейлік музыкалық тобының концерті болмайды", - делінген хабарламада.

Алайда Семей әкімдігі Би-2 концерті өтпейтіні туралы ақпарат таратып, ізінше өшіріп тастаған

Одан соң Семей қаласының әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді,

Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын мәлімдеді.

"Концерттен бас тартқан әкімдік емес. Концерт болатын аренаның басшылығы осындай шешім қабылдады. Қазір арена ұйымдастырушылармен концертті кейінге қалдыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу