Ядролық жарылыстардан кейін пайда болған Атом көлінде қайғылы жағдай болды

945

Ядролық жарылыстардан кейін пайда болған Атом көлінде қайғылы жағдай болды

Семейде бір адам көлігімен бірге көлге батып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Бұрынғы Семей сынақ алаңының аумағында орналасқан қаладан 150 шақырымдағы Ядролық жарылыстардан кейін пайда болған Атом көлінде қайғылы жағдай орын алды. 1959 жылғы азаматтың көлігі тұрған орнынан сырғып кетіп, көлге батып кеткен. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өкінішке қарай, жергілікті тұрғындар оны құтқара алмаған. Ал көмекке келген құтқарушылар мәйітті су түбінен алып шықты. Ядролық жарылыстардан кейін пайда болған бұл көлге соңғы кездері тұрғындар балық аулауға жиі барады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу