Семейде бір топ әйел үш қызды соққыға жыққан

1017

Дене жарақатын алған жәбірленушілер ауруханаға жеткізілген.

Семейде бір топ әйел үш қызды соққыға жыққан Фото: видео скриншот

Семейде дәмхана маңында төбелесіп жатқандардың видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кикілжің куәгерлері 3 қызды 8 әйел жабылып cоққыға жыққандығын айтады. Салдарынан дене жарақатын алған жәбірленушілер ауруханаға жеткізілген.

Бұзақылық жасаған бұрымдылардың барлығын полиция сол жерден ұстап әкеткен. Олардың жеке бастары анықталды. Қазір топталып төбелескендер тергеліп жатыр.  

"Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Бүгінде тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде", - дейді Абай облыстық Ішкі істер департаменттің баспасөз қызметі.

Жанжалдың шығу себебі әзірге белгісіз.  Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жайлы ақпарат жария етілмейтіндігін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу