Семейде болған найзағайдан бірнеше нысан шығын шекті, деп хабарлайды 24.kz.
Солардың бірі – Комсомол кентіндегі мешіт. Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мұндағы имамдар бөлмесінде тұтанғанын анықтаған. Тілсіз жау жалпы көлемі 10 шаршы метрді шарпыды, жиһаздар мен теледидар, бейнебақылау жүйесі өртеніпті.
Өрт бір сағатқа жетпей өшірілді. Болжам бойынша бұған найзағай себеп болған.
Тап осындай оқиғалар тағы бірнеше үйде тіркеліп, электр жабдықтары істен шыққан. Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу