Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер Семейдегі көлік кептелісі қалай шешілетінін сұрады.
"Бекітілген бас жоспарға сәйкес, Семейде бірнеше жол кеңейтілетін болады. Екіншіден, бұрыннан жабық тұрған көшелерді ашатын боламыз. Бас жоспарда көзделген шаралар кептелісті азайтуға бағытталған", - деп қысқа қайырды Нұрлан Ұранхаев.
Айта кету керек, осыған дейін Абай облысы тұрғындарының орташа жалақысы туралы жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу