Семейде заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

440

Олар "Sport Bar" деген атаумен астыртын жұмыс жасап, табыс тауып келген.

Семейде заңсыз ойын бизнесі әшкереленді Фото: Ашық дереккөзден

"Stop Game" жедел алдын алу шарасы кезенді ҚР қаржылық мониторинг агенттігі мен Абай облыстық ПД "Арлан" арнайы жасағы, облыстық прокуратураның үйлестірумен екі мекен жай бойынша ойын бизнесін анықтаған. Олар "Sport Bar" деген атаумен астыртын жұмыс жасап, табыс тауып келген.

Тәртіп сақшылары аталған ғимараттарды басып кірген. Ол жерден бәс қабылдайтын және ұтысты қолма-қол беретін ойын автоматтары, компьютерлер мен ақша анықталған.

Қазір аталған факт бойынша күдіктілерге "топтасып, алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу  жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат таратуға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі құмар ойындарына қарсы кұресті кұшейтіп, тұрғындарды одан қорғау жұмыстарын жалғастырады - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері.

Елімізде ойын бизнесімен айналысуға тек қана Алматы облысындағы Қапшағай көлінің жағалауы мен Ақмола облысындағы "Бурабай" демалыс аймағында ғана рұқсат етілгендігін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу