Семейде бүлдіршіндерге қарап, ұятсыз іс-әрекет жасаған тұрғын 15 тәулікке қамалды

Оқиға Восточный ауданындағы көпқабатты үйлердің кіреберісінде тіркелген.   

Семейде бүлдіршіндерге қарап, ұятсыз іс-әрекет жасаған тұрғын 15 тәулікке қамалды Фото: бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде оғаш жайттың бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Семей тұрғындары көпқабатты үй аулаларының бірінде жағымсыз оқиғаның куәгері болды. 

Оқиға былайша өрбіген. Ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрып, балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршіндерге қарата әдепсіз әрекет жасаған. 

Оны жедел түрде жергілікті тұрғындар ұстап, содан соң полиция қызметкерлеріне тапсырған. 

– Сот шешімімен Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны Восточный ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жасаған әрекеті үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушы бақылауға алынды, – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу