Семейде бұзақылық жасаған 3 жасөспірім жазаланды

611

Әлеуметтік желілерде Мәңгілік алаудың жанында аяқтарын жылытып, балағат сөздер айтқан 3 жас жігіттің видеосы тарады. Бейнеролик авторы оқиғаның Семейде болғанын айтқан.  

Семейде бұзақылық жасаған 3 жасөспірім жазаланды Фото: semeynews.kz

Абай облысының полиция департаменті аталмыш дерекке қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz Semeynews.kz порталына сілтеме жасап.

"Бұл факт 26 желтоқсан күні Орталық полиция бөлімінің тіркеу кітабына тіркелді. Кінәлілер анықталды – 14-15 жас аралығындағы 3 жасөспірім. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген полиция хабарламасында.

Бұл 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпаратқа сәйкес, құқық бұзушылық іс жүргізу шешімін қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу