Семейде дәстүрлі Абай марафоны өтті

416

Ақын атындағы облыс құрылғалы желаяқтар жарысы екінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Семейде дәстүрлі Абай марафоны өтті Фото: inbusiness.kz

Биылғы жарысқа 250 адам қатысуға ниет білдерген. Арасында елімізге танымал марафоншылар бар. Оған қоса қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар өкілдері де ұжымдарымен сынға түсті. 

Жүйріктер қала көшелерімен жүгіріп, 5, 10, 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Ең үздіктер естелік сыйлықтар мен медальдармен марапатталды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу, дейді қатысушылар.

Біз ұжымнан бірнеше адам осы жарысқа қатысып отырмыз. Өзім 21 шақырым қашықтыққа жүгірдім. Мұндай шаралардың маңыздығы өте жоғары. Біріншіден, адам өзін сынап көреді. Екіншіден, ұжымдық рухты қалыптастырады. Сондай-ақ жастарға үлгі болып, спортты насихаттап отыруды ұмытпаған жөн, - дейді "Жол активтері сапасы ұлттық орталығының"  Абай облысындағы филиал басшысы Фурхат Азатұлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу