Семейде диплом жасап беремін деп қаржыны қалтасына басқан алаяқ ұсталды

843

Күдікті қаржыны алған соң, ізін суытқан.

Семейде диплом жасап беремін деп қаржыны қалтасына басқан алаяқ ұсталды Фото: SN.kz

Polisia.kz мәліметінше, 43 жастағы жергілікті тұрғын қаңтар айының соңында бейтаныс адам оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңге сомасында қаражатын иемденгенін хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ диплом алуға көмектесемін деп уәде беріп, қолына ақша түскен соң “ізін суытқан”.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтаған. Күдікке ілінген 55 жастағы ер адам жұмыссыз екені белгілі болды. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан", деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков. 

Алаяқтық дерекке қатысты ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу