Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.
"Достоевский осы қалада бес жыл бойы жемісті жұмыс істеді. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін тартымды, мәдени-танымдық нысан бола алатын жазушының әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан", – деді Президент.
Достоевский Семейде 1854 жылдың 1 наурызынан бастап бес жыл өткізіп, жетінші желілік Сібір батальонында сарбаз болып қызмет етуге жер аударылған. Бұл – жазушының өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі. Бірақ ол бірнеше жылдық үзілістен кейін әдебиетке оралып, өнімді еңбек еткен.